Өңірлік семинар

2023 жылдың 11-12 қыркүйегінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін «Еңбек заңнамасы. Медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау» тақырыбы бойынша өңірліксеминардың екінші кезеңі басталды.

Семинардың мақсаты- бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының кәсіби дағдыларын арттыру, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларының сақталуына бақылауды күшейту, кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттыру, коммуникация дағдыларын дамыту және татуластыру рәсімдерін жүргізу.

Семинарда спикерлер ретінде сөз сөйлегендер:

Садыкова Мадина Эдуартовна – заңгер, еңбек құқығы, кадрлар және HR жөніндегі сарапшысы;

Сисенбаева Айнур Турегалиевна –заңгер, медиатор-тренер, WAML дүниежүзілік медициналық құқық қауымдастығының мүшесі.

Шарипова Халида Кубентаевна – дәрігер акушер-гинеколог, ҚР тәуелсіз сарапшысы, «Астана қаласының тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ-нің мүшесі.

Семинар барысында қатысушылар еңбек заңнамасының нормалары, медицина қызметкері мен пациенттің қарым-қатынасын құқықтық реттеудің өзекті мәселелері, сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби қызметін құқықтық қорғау тетігін құру бойынша мәселелер қаралды. Екі күнге созылған өңірлік семинардың қорытындысы бойынша барлыққатысушыларға сертификаттар табысталды.