Құрметті қала тұрғындары, әріптестер, қадірменді жерлестер!

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

Баршаңызды еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн болып саналатын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осындай салтанатты күнде сіздерге бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын.

Тәуелсіздігіміздің 32 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын. Әрқашан күн сөнбесін. Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін.​ ​ ​ ​

​“SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы