Құрметті де қадірлі еліміздің қорғаны — ер азаматтар!

Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.

Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау — әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер интернационалисттерді, кез- келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздерге тілейтінім — дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділік! Мерекелеріңіз құтты болсын!