Құрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақстанның Кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің әрқайсыларыңыз барлық күш-жігерлеріңізді, ұйымдастырушылық қабілеттеріңізді Еңбек адамына қоғамда айрықша құрмет көрсетілуі мен құқығының қорғалуына жұмсап жүрсіздер.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ашық аспан, қажымас қайрат және ортақ ісімізде сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен,
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі
жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»
республикалық қоғамдық бірлестігінің
төрағасы С. Дюсенов