ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСТАУЫШ ҰЙЫМНАН БАСТАЛАДЫ!

Жанар Ақыжанова 2020 жылдың қаңтарында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының (төрағасы – Ноян Бидайбаев) құрамына кіретін «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» Қарағанды мемлекеттік кәсіпорнының бастауыш кәсіподақ ұйымының босатылған төрайымы болып сайланды.

Жанар Жеңісқызы медициналық авиацияның фельдшері болып жұмыс істейді, оған «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты берілді. Еңбек қызметі барысында өзін білікті және қайырымды қызметкер ретінде көрсете білді. Медицина саласында өзінің теориялық білімін үнемі арттырып отырады, сондай-ақ еңбек ұжымының қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Кәсіподақ көшбасшысы ретінде ол жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерге ие, адамдармен қарым-қатынаста өте ұқыпты. Өзінің адал еңбегі, жоғары іскерлік және адами қасиеттері арқасында әріптестері мен емделушілері арасында құрмет пен беделге ие болды.

«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымымен салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтау бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі, кәсіподақ мүшелерін ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету жүзеге асырылады, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге, сондай-ақ атаулы күндерге құттықтаулар ұйымдастырылады.

Коронавирустық пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің, әсіресе жедел жәрдем қызметкерлерінің мойнына үлкен жүктеме түсті, олар пациенттерге көмек көрсетуге асығып, аймақтың ең алыс нүктелеріне барып отырды.

Кәсіподақ комитеті өз қызметкерлеріне тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

Жемісті еңбегі және кәсіподақ қозғалысына қосқан жеке үлесі үшін Жанар Жеңісқызы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағының Республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен, Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығының және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Салалық кәсіподағының облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
ҚҰРМЕТТІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, СІЗДЕРДІҢ ИГІ ЕҢБЕКТЕРІҢІЗ ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ !

#kasipodaqkz #БКҰ21 #kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚалыңҚалайБастауыш #ҚРКФ #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы