2 ҚАЗАН —ДҮНИЕЖҮЗІЛІК УРОЛОГТАР КҮНІ

Бүгін айтулы күн. Оның себебі, сан ғасырдан бері жалғасын тауып келе жатқан, медицинаның ең күрделі бөлімінің бірі — урологтардың мерекесі.

Урология — ер мен әйел адамдардың қуық жүйесінің және ер адамдардың жыныстық жүйесінің ауруларын зерттейтін ғылым.

Құрметті урология саласының дәрігерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Жұмыстарыңызға толағай табыс пен сәттілік тілейміз. Әрқашан емделушілердің алғысына бөленіп, абырой-атақтарыңыз қашанда жоғары болуына тілектеспіз.