Қарағанды облысынан төраға Ноян Бидайбаев бастаған 19 делегат сайланды.
Съездің күн тәртібімен келесі мәселелер қамтылды:
1) «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі қызметінің қорытындылары бойынша есеп ;
2) «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Бақылау-тексеру комиссиясының 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі есебі;
3) «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
4) «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасын сайлау туралы.
Съездің ашылу салтанатында кәсіподақ көшбасшыларын «SENIM»төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті, Қарағанды облысынан — Саран қаласының орталық ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Зура Нұрғалиева.
Съезд делегаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша спикерлерді тыңдап, төраға-Сапарбек Дүйсеновті бірауыздан қайта сайлады.
Өз кезегінде жаңадан сайланған төраға 2023-2028 жылдарға арналған «SENIM» кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезінің қарары қабылданды, ол барлық уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғаларға жіберілетін болады.