Абуова Клара Жолдасқызы

«Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы, Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Абуова Клара Жолдасқызы — Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының 1 өкпе терапия бөлімінің аға мейірбикесі. Жоғарғы санатты мейірбике маманы. Еңбек жолын 1981 жылы 1 тамыздан бастап Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің балалар бөлімінде емшібике болып бастады. Алматы, Москва қаласынан келген дәрігерлермен тәжірибе алмасу мақсатында «вакцинатор» болып тағайындалып, облыс аумағындағы барлық мектептерге Манту сынамасы, БЦЖ екпесін жасады. 1987-2002 жыл аралығында Махамбет ауданы Заурал учаскелік ауруханасында химизатор болып жұмыс жасады. 2002 жыл Махамбет аудандық өкпе аурулар диспансерінде балалар мейірбикесі болып жұмыс жасады. 2011жылы Махамбет ауданаралық өкпе аурулар ауруханасында аға мейіргер болып, 2018 жылдың қаңтар айынан Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері 1өкпе терапия бөлімінде аға мейірбике болып жұмыс жасайды. Туберкулездің сезімтал түрімен науқастанған жандарға жанына шипа беретіндей, дәрігердің оң қолы ретінде жемісті еңбек етіп келеді. Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының кәсіподақ ұйымының белсендісі. Кейінгі жас ұрпақ тәрбиесінде зор үлесі бар.

Облыс әкімінің, Махамбет ауданы әкімі, облыстық кәсіподақ федерациясының Құрмет грамоталарымен марапатталған.