Казиханова Сандугаш Кумаровна

«Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы, Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Казиханова Сандугаш Кумаровна — Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК персоналды басқару қызмет басшысы.

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы, Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болған, қазіргі таңда белсенді мүшесі. 10.03.1962ж. Атырау қаласында туған. Жоғары білімді. 1985ж. Атырау мемлекеттік университеті (Гурьев педагогикалық институт), тарих-филология факультетін бітірген. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК персоналды басқару қызмет басшысы қызметін атқарып келеді.
С.К. Казиханова білікті маман, жұмысына ұқыпты, тиянақты. Сандугаш Кумаровна білікті маман ретінде әдістемелік – тәжірибиелік көмек көрсетіп тұрады. Үнемі біліктілігін арттырып келеді. Медицина қызметкерлерінің уақытында маман сертификаттарын алуларын бақылап, қадағалайды, жоспар құрып, біліктілігін арттыру үшін, оқу орталықтарына жіберіп отырады. Қажетті мамандарға сұраныс жібереді. Ол орталықтың қоғамдық жұмыстарына, мерекелік шараларға қатысады, қызметкерлер арасында сыйлы. Мекеме қызметкерлерінің құқықтарын мен мүдделерін қорғай отырып, әкімшілік пен кәсіподақ комитетімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

«Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, Кәсіподақ Федерациясының 30 жылдығына орай Мақтау Грамотасымен, ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы төрайымының Құрмет грамотасымен, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқарма басшысының Мақтау қағазымен, мекеменің директоры атынан бірнеше рет Алғыс хатпен, Мақтау қағазымен марапатталды.