Айқияш Сапашқызы Шунаеваны 60-жасқа толуына орай құттықтаймыз

Бүгін яғни 25-тамызда «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы Атырау қалалық №1 емхананың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айқияш Сапашқызы Шунаеваны мерейлі 60-жасқа толуына орай құттықтады.

Құттықтау хатты Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы,облыстық маслихат депутаты Ізтұрған Ұзақбайұлы Баймұханов табыстады.

Салтанатты шараға облыстық маслихат депутаты Габдуллин Айбек Серікұлы, Атырау қалалық №1 емхананың директоры Әсия Төлегенқызы Нарымбаева және емхананың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері қатынасты.

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы Айқияш Сапашқызының емханада қызмет істейтін, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін үнемі көтеріп, шешімін тауып жүрген төраға ретінде бағалайды.

Атырау облыстық филиалы алдағы уақыттада еңбек адамдарының әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік мәселелерге қолдау көрсету және еңбек құқықтарының сақталатынына сенім білдіреді.