Облыстық байқаудың қорытындысы

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесінің шешімімен 2021 жыл «2021 жыл бастауыш кәсіподақтар ұйымының жылы» болып белгіленуіне байланысты, ұйымдастырылған облыстық байқаудың кезеңі өз мәресіне жетті.

Сайысқа әр емдеу-сауықтыру мекемелерінің үздіктері деп танылған 8 бастауыш емдеу-сауықтыру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары арасында өткізілген байқаудың үздіктері анықталып, номинациялар берілді.

Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы қатысып, жұмыстары байқау ережесіне сай бағаланды.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

1-орын жеңімпазы болып №1 Атырау қалалық емханасы

2-орын жеңімпазы Атырау Облыстық жедел-жәрдем станциясы

3-орын жеңімпазы Атырау Облыстық ЖИТС орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы жеңіп алды.

Ынталандыру сыйлығымен «Үздік төраға» атағын Атырау Облыстық қан орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қымбат Исаева Айтмұханбетқызы иеленді.

Байқау жеңімпаздарына қаржылай сертификат

1 орынға — 300 000

2 орынға — 250 000

3 орынға — 200 000

«Үздік төраға» номинациясына — 100 000 теңгелік қаржылай сертификат,гүл шоғы және дипломмен марапатталды.

Жеңімпаздарға гүл шоғы және дипломдар табысталды.