«Дәрігерлерге мың алғыс!»

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы Ұлыстың Ұлы күні 22-наурыз мерекесіне орай, «Дәрігерлерге мың алғыс!» атты акциясы аясында медицина қызметкерлеріне 200 дана азық-түлік себеттерін берді.

Наурыз тек қана күн мен түн теңесіп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам емес. Бұл – бірлік пен еңбектің, мейірімділік пен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Наурыз – жаңару, халықты бірлікке ұйыстыру мерекесі, сондықтан жұрт бірігіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созуы керек.