«Еңбек жолы» конкурсының жеңімпазы ретінде медицина қызметкері танылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы ұйымдастырған аймақтық «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын анықтау үшін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтіп, оның шешімімен «Еңбек жолы» байқауының
«Өндірістің үздік жас маманы» Жамбыл аудандық орталық ауруханасының «Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету бөлімінің» меңгерушісі Беласарова Сандуғаш анықталды.

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы Сандуғаш Беласарованы жеңісімен құттықтайды.
Қашан да биіктен көріне беріңіз, Сандуғаш! Деніңіз сау, жасыңыз ұзақ, отбасыңыз аман болсын! Жеңіс құтты болсын!