Кәсіподақ көмек қолын созуда​

«Білімді бала –ел ертеңі». Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақтың білімді, өнегелі азамат пен азаматша болып өсуіне кәсіподақ болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет. Осы орайда, «Сенім» кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдары «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына (бұдан әрі акция) бір жұдырықтай жұмылып, қайырымдылық жасап, жарысуда.

​Бұл акция жаңа оқу жылына даярланып жатқан ата-аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде, қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шара. Оның негізгі мақсаты: медицина қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.

​Қайырымдылық — асыл қасиет, көп мағыналы түсінік. Ол мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі. Жалпы, кәсіподақ ұйымымен 483 балаға қаржылай көмек көрсетіліп, мектеп формасы және мектепке қажетті құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Осылайша баларлардың білімге деген құштарлығын оятуға септігімізді тигізсек дейміз.​

​«Мектепке жол» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап 30 қыркүйек аралығына дейін өткізіліп, әліде жалғасын тауып келеді.

​Дана халқымыздың: «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» – деген аталы сөзі бар. Болашақ ұрпаққа үлгі – өнеге болар осындай игі істердің атқарылуы кәсіподақ ұйымының үлесі.

​Акцияның ең жағымды жағы көздері қуанышқа толы бақытты балалардың жүздерін көру. Осындай игі бастамалар бір арнаға тоғысып, үлкен бастауларға айналады деген үміттеміз. Жас бүлдіршіндердің өмірін алаңсыз және бақытты ету – біздің басты мақсатымыз.