Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз мейрамы» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2022 жыл 22 наурызында «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы басшылығы мен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Исаев Рустем Қанапиұлы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық Университеті бірігіп медицина саласының жұмыскерлеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Онда 2 киіз үй құрылып шараға келушілірге концерттік бағдарлама көрсетілді. Наурыз көже мен бауырсақ таратылып Ардагерлерімізбен қонақтарымызға ыстық тағамдар тартылды.

Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз мейрамы» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке.

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Көңілдің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамы!

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы Наурыз мерамы күнімен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш — жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, әрдайым жарқын, шуақты да мерейлі күндеріңіз көп болсын деп тілейді!