8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы 2022 жылдың 4 наурызында облыстың 200 әйелін және денсаулық сақтау ардагерлерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. «SENIM» АОФ төрағасы Қ. Қ. Сабыр, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р. К. Исаев, Ақтөбе облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының басшысы А. У. Уразмағамбетов және барлық бас дәрігерлер, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Р. Рахиев мерекеге орай салтанатты кешкі ас, «Құрмет Холл» мейрамханасында мерекелік ас және де концерт ұйымдастырылды. Мерекеге арналған салтанатты іс-шараға шақырылған қатысушылар (кәсіподақ көшбасшылары, кәсіподақ төрайымдары) Қазақстан Республикасының ең өкілді кәсіподағының «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалына шын жүректен ризашылықтарын білдірді.