Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні

Өткен жыл адамзат үшін өте ауыр жыл болды. Әлем коронавирус эпидемиясына тап болып, медицина қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы күресте бірінші болып, халқымыздың өмірі үшін қауіпті аурудың барлық ауыртпалығын басынан өткерді.

Адам өмірін сақтап қалуға қосқан үлесіңіз үшін, қиын сынақтардағы төзімділігіңіз бен шыдамдылығыңыз үшін, нағыз қаһармандарша қызмет етіп жүрген барлық дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жедел жәрдем қызметкерлеріне алғысымды білдіреміз.

Сол кездегі пандемияның қайта өршуі, оның ауқымының артуына қарамастан, қажетті қорғаныс киімдерінің, дәрі-дәрмектердің, ауруханаларда төсек орнының жетіспеушілігі және басқа да қиындықтарға тап болған кезде, дәрігерлік парыз бен медициналық антқа адалдығыңыз үшін төл мереке қарсаңында алғысымыз шексіз.

Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша облысымызда 4122 дәрігер және 8102 орта буын қызметкері жұмыс жасайды, оның ішінде мемлекеттік ұйымдарда 3003 дәрігер және 6265 мейірбике. Биылғы жылы дәрігерлермен қамтамасыз ету деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,7% — ға артып, 10 мың тұрғынға шаққанда 34,0-ті құрады, өңірлер бөлінісінде біздің облыс 4-орында.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бірінші жылын аяқтадық.

Бағдарлама аясында облыстың медицина саласында көптеген жұмыстар атқарылды.

Облыс бойынша туу көрсеткіші өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда 23,8%-ға өсті, 1000 жаңа туған балаға 23,89 құрады (2020 жылы-19,29). Республикалық деңгейден 8,6% жоғары (ҚР-21,99).

Табиғи өсім көрсеткіші, 1000 адамға есептегенде 17,15-і құрады (2020ж.- 14,21), 20,7% жоғарылаған, республикалық деңгейден 21,8% -ға жоғары (ҚР-14,08).

Бүгінгі күні облыстық медициналық ұйымдарының жабдықталуы, мамандардың кәсіби деңгейі облыс тұрғындарына нейрохирургия, кардиохирургия, ортопедия, трансплантология, офтальмология, торакалдық хирургия (Ақтөбе медициналық орталығы, БҚММУ медициналық орталығы) сияқты бағыттарда сапалы көмек көрсетіледі.

Ақтөбе облысында ауруханалардағы стационарлық төсек-орындардың қуаты 3708-ді құрайды, оның ішінде 217 жекеменшік клиникаларда.

Облыс тұрғындарына сапалы, қол жетімді медициналық қызмет көрсететін 190 кереуеттік облыстық перинаталдық орталық салынды, жыл соңына дейін іске қосылады.

Облыстық балалар клиникалық ауруханасының ғимаратына қосымша 100 кереуеттік көпбейінді (онкогематология, гастроэнтерология, неврология) корпус салынды, жыл соңына дейін қолдануға беріледі.

Жоспар бойынша алдымыздағы жылдары:

— балалар мен ересектерге арналған 100 кереуеттік жұқпалы аурулар корпустарын салу (2022-2023 жж.), облыстық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасының ағымдағы қуаты 215 төсекті құрайды.

Nur Otan сайлауалды бағдарламасы аясында 2021-2024 жылдарға арналған облыс бойынша 33 амбулаториялық-емханалық ұйымның құрылысы жоспарланған: 17 медициналық пункт, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 12 дәрігерлік амбулатория және 250 келушіге арналған 1 ауданаралық аурухана.

Мемлекет басшысының 2021 жылы қаңтардың 26-ы күні, ҚР Үкіметінің отырысында денсаулық сақтау ұйымдарында түгендеу және оларды медициналық техникамен жарақтандыру жұмыстарын жүргізу тапсырмасын орындау барысында осы жылы медициналық ұйымдарға 20 бірлік ірі медициналық құрал-жабдықтар сатып алу жоспарланды:

— Бейне процессор Гастроскоппен және колоноскоппен жиынтықтағы эндоскопиялық модель;

— цифрлық сканері бар рентген-флюрограф;

— маммография аппараты;

— Полимер-тізбектік зертхана (ПЦР);

— FibroScan аппараты;

— Өкпе желдету аппараты(ИВЛ);

— анестезиология станциясы;

— мәйіттерді сақтау тоңазытқышы;

— оттегі концентратының станциясы;

— наркозбен тыныс алу аппараты (С-доға );

— реанимациялық мониторлар;

— гемодиализ аппараты;

— эндоскопиялық бейнеақпараттық жүйе;

— Компьютерлік томограф аппараты;

— Ултра дыбыс зерттеу аппараты;

— оттегі концентраторы;

— биохимиялық анализатор (автомат);

— стационарлық анализатор(КЩС).

Медицина қызметкерлерін ынталандыру және тұрғындарға көрсетілетін медицина қызметінің сапасын жақсарту мақсатында, облыстық кәсіподақ ұйымының өткізілген іс-шаралары дәстүрге айналды.

«Үздік мекеме», «Үздік дәрігер», «Үздік мейірбике» номинациялары бойынша жарыстар өткізілді, үздік медицина қызметкерлері сыйлықтарға ие болды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігіне», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері» және басқа да наградалармен, «Құрмет грамоталарымен» марапатталады.