«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы басшылығы медицина саласының ардагерлерін 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қа¬лып¬тасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құр¬мет көрсетіледі.

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам¬дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсе¬тілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету бізге басты парыз.

Ха¬лық¬аралық қарттар күніне орайАқтөбе облысы медицина саласының ардагерлерін марапаттап құттықтау үшін «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы70 медицина ардагерлеріне «Кездесу» мейрамханасында дастархан жайылып мерекелік шаралар өткізді.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Исаев Рустем Канапиевич, Марат Оспанов атындағыБатыс Қазақстан медицина университетініңКЕАҚ ректоры Исмагулова Эльнара Кереевна, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Латыпова Алия Мухтаровна және Міндетті Әлеуметтік сақтандыру дондының басшысы Уразмагамбетов Алтай Узакбаевич мерекелік шараға қатысып әрдагерлерімізді құттықтады.

SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы70 медицина ардагерлеріне өз тарапынан 5000 теңге көлеміндегі қаражатты әр отбасына табыстады.

Сонымен қатар Ха¬лық¬аралық қарттар күніне орай, бастауыш кәсіподақ ұйымдары денсаулық сақтау саласының ардагерлер ұйым¬ымен бірлесе отырып, денсаулық сақтау саласында еңбек жасаған 1380 ардагерлеріне 4 140 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсе¬тті, оның үшінде азық түлік жиынтықтары мен ақшалай сыйлықтар бар.