Жамбыл облыстық филиалының қаржылай – шаруашылық қызметінің қорытындысы

2023 жылдың 16 – наурызында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ – нің Жамбыл облыстық филиалының Кеңес отырысы өткізілді.

Филиал төрайымы Момбекова Гүлмайра Асанқызы 2022 жылда атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша жылдық есептік баяндамасын оқыды. Презентацияланғанбаяндамада филиал жұмысының негізгі бағыттары қамтылды: кәсіподақ мүшелеріне заңгерлік көмек кеңес беру, әлеуметтік серіктестермен ұжымдық қарым – қарынастар, салалық және облыстық келісім нормаларының сақталуы, Жамбыл облысының медициналық ұйымдарындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша сұрақтар, әлеуметтік және материалдық көмек көрсету, кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын жазғы уақытта сауықтыру.

Филиалдың қаржылай – шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының төрайымы Меңлібаева Рахия Талқанбайқызы есеп берді.

Кеңес мүшелері Жамбыл облыстық филиалының жұмысына бірауыздан оң баға беріп, тексеру комиссиясының есебін бекітті. Отырыс соңында 2023 жылға арналған басты мақсаттар мен міндеттер белгіленді.