«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы салтанатты мерекелі шара өткізді

2023 жыл 20 наурызында «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы басшылығы мен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы салтанатты түрде Наурыз мерекесін атап өту мақсатында «АСЫЛ» ресторанында 100 медицина ардагерлеріне салтанатты мерекелі шара өткізді.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке.

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Көңілдің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамы!

Наурыз мейрамы күніне орай, Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-қуатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметі, кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жеке үлесі және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестікті дамытқан үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ҮЗДІГІ төс белгісі — 2 медицина қызметкерлеріне, Құрмет» грамотасымен және Алғыс хаты — 14 кәсіподақ мүшелеріне табысталды.

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы Наурыз мерамы күнімен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш — жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, әрдайым жарқын, шуақты да мерейлі күндеріңіз көп болсын деп тілейді!

Наурыз мейрамы күніне орай, бастауыш кәсіподақ ұйымдары денсаулық сақтау саласының ардагерлер ұйымымен бірлесе отырып, ағаш киіз үй тігіліп, өз өнерлерін көрсетіп, ақ дастархан жайып, наурыз көже таратылып, қазақша спорттық шаралар өткізілді. Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті.