Наурыз мейрамы қарсаңында «SENIM» Қарағанды облыстық филиалы кәсіподақ мүшелерін құттықтады

Наурыз мейрамы қарсаңында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы кәсіподақ мүшелерін құттықтап, 100 мың теңге көлемінде 10 қайырымдылық сертификатын бөлді.

Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары әріптестерін әдемі ұлттық киіммен құттықтап, мерекелік құттықтау ұйымдастырды, ұлттық дәстүрлер көрсетілді, ұлттық тағамдармен дастархан жайылды.

Наурыз-көктемнің басы, жаңа өмірдің басталуы және достықтың символы.

Баршаңызға өркендеу, махаббат пен бірлік тілейміз!