Құрбан айт мейрамы құтты болсын

Мұсылмандардың ұлы мерекелерінің бірі–2021 жылдың 20 шілдесінен Құрбан айт мейрамы басталады. Ұлық мейрамды ресми, мемлекеттік деңгейде атап өтуге қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана мүмкін болды. 2005 жылғы желтоқсанның 30-ында қол қойған, «Еңбек туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс.

Құрбан айт күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы. Ренжіскен кешіріп, ажырасқан татуласып, Алла жолына құрбандық шалынып, зікірлер айтылып, садақалар берілетін, бауырмалдықты арттыратын Құрбан айт мерекесі құтты болсын. Отбасыңызға ынтымақ-бірлік, мол дәулет тілеймін. Басыңызға атақ-абырой, бақытты, мәнді өмір тілеймін. Бай-қуатты болыңыздар! Құрбан айт құтты болсын!

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы Құрбан айт мерекесіне тұрақты негізде ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға тұрмыстық және атаулы көмек ұйымдастыруда.
19шілде 2021 жылы «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы Құрбан айт мерекесіне әлеуметтік жағдайлары төмен денсаулық сақтау қызметкерлерін біршама көтеру мақсатында 60 отбасыға қайырымдылық көмек жасалынды: ресейлік көрпелер, азық түлік пакетімен, барлығы 400 000 теңге құрады.
Сонымен қатар облыс филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары өз тарапынан320 отбасына, 1250 000 теңгекөлемінде қаражат бөлініп, ақшалай сертификаттаржәне азық-түлік пакеттері табысталды.