Құрметті медицина қызметкерлері, қадірменді әріптестер!

Өз елін құрметтейтін әрбір азамат үшін оның құқықтық негіздері, тіпті, «Конституция» деген сөздің өзі зор мәнге ие. Бұл ­– жай ғана адал ниеттің декларациясы емес, шынайы қызмет ететін құжат. Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық.

Қазақстанның негізгі заңнамасының күні саналатын 30 тамыз – біздің байтақ даламыздың әрбір азаматы үшін мереке. Қазақстанның Ата заңы – еліміздің демократиялық дамуының берік іргетасы.

Тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданған күнмен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, құт-береке мен жайлылық тілеймін. Рухтарыңыз асқақ, келешекке деген сенімдеріңіз айқын, жігерлеріңіз қайратты, әрбір бастамаларыңыз ел игілігі үшін жемісті болсын!

Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласындағы оқиғалар қатары мен атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, биылғы жылы облыстың денсаулық сақтау саласы «Әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді медициналық көмек», «Салауатты ұлт», «Ауылды жаңғырту» және ел Президентінің “Балалар жылы” жобаларын жүзеге асыруда басты бағыттарды ұстанып келеді. Салада негізгі демографиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік маңызды аурулар саны едәуір төмендеді:

• нәресте өлімі – 12,3%-ға;
ана өлімі тіркелген жоқ (2021 жылдың 6 айы – 3 апта);

• Жалпы өлім – 15,3%-ға, туберкулезден 12,5%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан 26,0%-ға қысқарған.

• Туберкулезбен сырқаттанушылық 5,4%-ға, қатерлі ісіктер 13,6%-ға, қан айналымы жүйесі аурулары 7,9%-ға төмендеді.

• Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният Талас ауданында, «Үздік тәжірибелер орталығын» ашып, сондай-ақ, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан орталықтарды аралап, сондай-ақ облыстық перинаталдық орталыққа барып, медицина қызметкерлерімен, халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесті;

• Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының базасында кішкентай балаларға операциядан кейінгі күтім жасайтын кардиохирургия бөлімі ашылды;

• «Аяла» балаларды оңалту орталығы пайдалануға берілді;

• Алғаш рет шала туылған нәрестелердің көз торының лазерлік коагуляциясы енгізілді;

• Жаңа туған нәрестелерді құтқару үшін автоматты гипотермия кешені сатып алынды;

• No2 қалалық емхана базасында «Жан-Нұр» облыстық жастар орталығы ашылды;

• Туысқан донордан бүйрек трансплантаты жасалды;

• Күйіктерді қалпына келтіру үшін ең күрделі ота жасалынды;

• Облыс орталығы деңгейінде мамандарды кәсіби даярлау: донорлық және трансплантация бойынша семинар; эндовидеохирургия (оның ішінде Меркі аудандық орталық ауруханасындағы жаңаша технологиялармен жасалған шеберлік сыныптары) эндокриндік хирургия (Оңтүстік Корея), тиімді менеджмент (ПНС Ұлттық қауымдастығы) бойынша халықаралық және ұлттық мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды;

• Таразда алғаш рет Республикалық офтальмологтар конгресі өтті;

• Дерматовенеролдар форумы; ДДҰ ұлттық консультанты, Республикалық психикалық денсаулық орталығы және РДК Ұлттық қауымдастығының қатысуымен психикалық денсаулық мәселелері бойынша семинар-кеңес жүргізілді;

• «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығымен АМСК инновациялық технологияларды енгізу және мамандарды кәсіби даярлап, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросымен одан әрі ынтымақтастық орнатылды;

• Кадр тапшылығын азайту, медициналық техникамен қамтамасыз ету шаралары қабылданды;

• Талас ауданының Үшарал ауылында типтік дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді;

• Байзақ орталық аудандық ауруханасы және ауылдық жерлерде 20 нысанның құрылысы қолға алынып , 9-ын күрделі жөндеуден өткізу және 2 медициналық нысанды қайта құру жұмыстары басталды;

• Бірқатар нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға 37 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, 9 медициналық нысанның құрылысы мемлекеттік сараптама сатысында;

• Меркі ауданында және Шу қаласының қалалық ауруханасында ауданаралық ауруханалар құру — халыққа жедел жәрдем (жедел коронарлық синдром, инсульт, полижарақат және хирургия, акушерлік), оңалтып, уақтылы көмек көрсету бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді;

• Сызықтық үдеткіш орнатылған радиологиялық бөлімшенің құрылысы және облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығын пайдалануға беру жақын қалды.

Сондай-ақ, сала бойынша атап айтарлық басты оқиға –«Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті аясында «ALTN SHIPAGER» ұлттық сыйлығының иегерлері болып танылғаны: «Үздік балалар ауруханасы – облыстық көпсалалы балалар ауруханасы (1 орын), «Үздік» облыстық аурухана – Мерке аудандық ауруханасы (2 орын), «Елдің үздік жедел жәрдем көмегі – облыстық жедел жәрдем стансасы (3 орын), «Еліміздің үздік акушерлік ұйымы – облыстық көпсалалы аурухананың перинаталдық орталығы (2 орын).

Мұның барлығы — біздің тәуелсіз де құқықтық Қазақстанның арқасында ұлт саулығын қалыптастыру бағытында мүмкін болып отырған жетістіктер. Алда әлі де атқарылар тірліктер мен міндеттер легі көп. Тек, осы міндеттерге жету барысында еліміз аман, жүртымыз тыныш болсын! Сіздерге ашық аспан, бейбітшілік пен тұрақтылық, әр шаңыраққа бақыт пен амандық тілеймін! Мереке құтты болсын!

“SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы

Момбекова Гүлмайра Асанқызы