Құрметті медицина қызметкерлері, ардагерлер мен әріптестер, достар!

Жаңа жылға дейін аз ғана уақыт қалды. Бұл күн — әлемдегі қуанышқа толы қызықты әрі көңілді мейрамдардың бірі. Осы орайда, сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Діттеген мақсаттарыңызға жетіп, барлық арман-тілектеріңіз орындалсын.

Жамбыл облысындағы медицина қызметкерлерінің үлкен ұжымы барлық күш-жігерлерін салып, ұлт денсаулығын қалыптастыру бағытында жұмыс жасауда.
2023 жыл — тарихта қалды.

Биыл біз аймақтық денсаулық сақтаудың алдында тұрған көптеген міндеттерді шеше алдық: денсаулық сақтау нысандарын салдық, қайта құрдық, жаңадан аштық, емханалар мен ауруханаларды соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықтауға тырыстық, заманауи медициналық технологияларды зерттедік, кәсіби біліктілікті арттыруға күш салдық.

Мұның барлығы — жерлестеріміздің заманауи, жайлы жағдайда сапалы медициналық көмек алуы үшін жасалған жағдай.

Өткен жылы Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласы бірқатар оң көрсеткіштерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда «2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» жалпыұлттық жобасы аясында медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтар сатып алынып, қыруар жұмыстар атқарылды.

Елімізде қоғамның басты байлығы болып табылатын азаматтардың денсаулығын жақсартуға барынша көңіл бөлінді.

Қазастан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында халықтың денсаулығын жақсартуды басты мәселелердің біріне қойып, осы бағытта бар күш-жігерімізді салуды тапсырды.

Жаңа 2024 жылда барлық медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне табыс, болашаққа сенім, зор денсаулық және отбасылық амандық тілеймін! Мереке құтты болсын, құрметті дәрігерлер!

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы