« Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы, «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының-30 жылдығына» және «Кәсіподақтар күніне» орай салтанатты шара өткізді

Шара барысында Медицина саласындағы кәсіби шеберлігі мен халық денсаулығын қорғаудағы ерен еңбегі үшін, «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының -30 жылдығына» арналған мерекелік грамотамен Қазиханова Сандуғаш Құмарқызы-Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің персоналды басқару қызмет басшысы, бастауыш кәсіподақ төрайымы, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» Туғанбаев Мақсат Бағланұлы-Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігер акушер-гинекологы, бастауыш кәсіподақ  ұйымының  төрағасы, Санатова Нұргүл Өтеуліқызы-Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің мейірбикесі, кәсіподақ мүшесі, Облыстық маслихаттың «Алғыс хатымен» Сүйеуов Бекжан Наурызұлы — № 5 қалалық емхананың алдын-алу бөлімінің меңгерушісі, кәсіподақ мүшесі, және Атырау облыстық аумақтық кәсіподақтың Алғыс хаттарымен Хамзаева Асылжан Зинорқызы — Атырау облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясының фельдшері, кәсіподақ мүшесі, Кульчиков Асқар Есқалиұлы-Жылыой аудандық орталық ауруханасының-көлік жүргізуші, кәсіподақ  мүшесі, Абилова Алмагүл Исламқызы-№7 қалалық емхананың жанұя денсаулығы орталығының — меңгерушісі, кәсіподақ мүшелері ұлғыланды.