Шунаева Айкияш Сабашқызы.

Шунаева Айкияш Сабашқызы — Атырау №1 қалалық емханасына дәрігер-гинеколог лауазымына 1990жылы жұмысқа тұрып, бүгінгі күні №1 әйелдерге кеңес беру бөлімшесінің меңгерушісі, ана мен бала ісі жөніндегі директордың орынбасары болып қызмет етеді. Мыңдаған әйелдерге ана бақытын сезіндіріп, алғысқа бөленген ақ халатты абзал жан.Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып 2001жылы сайланып, бүгінгі күнге дейін әр қызметкердің құқығын қорғап, 20жылдан астам ұйым төрағасы болып, жұмысынан тыс кәсіподақтың жұмысын атқарып келеді. Жоғары санатты дәрігер.Жұмыс өтілі-31жыл.