Мектепке «SENIM-мен»

Білім күні жыл сайын 1 қыркүйекте, күздің бірінші күні тойланады. Мереке оқу жылының басталуымен тұспа-тұс келеді. Бұл бүкіл қоғамның: мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың мерекесі.

Осыған байланысты, дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл сайын өткізіледі. Бұл қайырымдылық акцияныңмақсаты-аз қамтылған көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету болып табылады.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы, облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып осы акцияға белсене қатысып, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардағы 935 балаға жалпы соммасы 10 380 000 тенге көлемінде қаржылай көмек пен әлеуметтік қолдау көрсетті.