Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласындағы кадрлық тапшылық шешілуде

Облыста жыл басына дәрігерлер тапшылығы 2021 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1,9 есе төмендеді, яғни есепті кезеңде 125 бірлік (64 қала, 61 ауыл) болды.

Бүгінгі күнге, өңірге 23 жас маман келді, 5 жас маман қалада, 18 жас маман аудандарда (Байзақ -3, Жамбыл- 5, Қордай -7, Т.Рысқұлов -1, Меркі — 2).

Өңірдің ауылдық жерлеріне жұмыс істейтін қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 64 маманға 800,0 мың теңге көлемінде ақшалай көтерме ақы бөлінді.

Денсаулық сақтау саласының 81 қызметкеріне (2021 жылы 58) республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 1500 АЕК аспайтын сомада бюджеттік кредит бөлінді.

Жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де оқу бітіргеннен кейін облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін 50 дәрігер резидентурада, оның ішінде 2019 жылы түскен 12 дәрігер 2020 жылы түскен 10 дәрігер, 2021 жылы түскен 28 дәрігер оқиды.

ҚР ДСМ-не тапшы мамандықтар бойынша 2022 жылға республикалық грантпен 70 дәрігерді резидентурада оқытуға тапсырыс берілді.

Алдағы уақытта жергілікті бюджеттен 30 дәрігерді оқыту жоспарлануда.