Ақпан айының 11-ші жұлдызында «Zoom» режимінде кәсіподақ төрәйымынің 2021 жылғы қаржылық есеп беру жиналысы өтті

Ақпан айының 11-ші жұлдызында «Облыстық жедел медициналық көмек көрсету станциясында», «Senim» бастауыш кәсіподақ ұйымының орынбасары С.Б Медеубаев, емдеу ісінің орынбасары А.Е Байсұлтан және де кәсіподақ мүшелері, Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Теміртау ,Абай Шахтинск,Саран қосалқаларының қатысуымен «Zoom» режимінде кәсіподақ төрәйымынің 2021 жылғы қаржылық есеп беру жиналысы өтті. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Ж Ақыжанова 1 жылдық кәсіподақ қаржысының қалай жұмсалғанын, және де қандай мерекелік шаралар өткізілгенін экран арқылы көрсетіп талқылады. Кейін кәсіподақ мүшелері көкейіндегі сурактарын қойып, ұсыныстарын ұсынып , алғыстарын білдіріп жатты. Жиын соңында ,Сұлтан Бейсенбайұлы өз лебізін білдіріп, келешекте жеке шипажай салынатынын айтты .